*-*-*Mr.Jan Banks_a.k.a_Zhandos*-*-*

Объявление


Вы здесь » *-*-*Mr.Jan Banks_a.k.a_Zhandos*-*-* » ASH ҚaZaҚ Pro » Долгожданное Интервью с ШYNGYS'ом!


Долгожданное Интервью с ШYNGYS'ом!

Сообщений 1 страница 7 из 7

1

Туылған жерің, туылған жылың, руың және жалпы өзің жайлы?

Жылым 1987,  туылған жерім Алматы. Кейін Ақтөбе, Хабда, Отырар, Шымкент және т.б. Қазақстанның түкпірлерінде тұрдым. Әйтеуір әкемнің жұмысы қайда ауысады сонда тұрдық қой. Нағыз көшпендіміз ғой... Қазіргі уақытта Алматыда тұрамын. Ал отбасым Шымкентте тұрады. Руым Арғын, Орта Жүз. Қазіргі уақытта «Халықаралық қатынастар» мамандығына оқып жатырмын.

Қашан және қалай рэппен айналыса бастадың?

Мен рэппен бірден айналысқМен жарыммын жоқ. Алғашқыда, шамамен 8 сыныпта-ау шамасы... өлең жаза бастадым... Өлеңдерім облыстық газеттерге шығатын еді. Сөйтіп Қазақ поэзиясына жанашыр ағалардың көзіне түсіп, алғашқы кітабым шықты. Кітабым «Оқушы дәптерінен» деп аталды. Кейін бәрімізге әйгілі ДеЦл шықты емес пе? Осы ДеЦл ғой мені бұзған! =) Сосын жәй-жәй рэпке қызыға бастадым. Сол ДеЦл және басқа орыс рэпперлерінің мәтіндерін жаттап оқи бастадым...
Сосын 2004 жылы Алматыға оқуға келдім. Міне осы қалада менің рэпперлік өмірім басталды. Осы кезде мен өз тексттерімді оқи бастадым! Қалай дейсің бе? Жәй ғана музыканы қосып, сосын колонкілерге жақындап ұялы телефонымның диктофонына жазыла бастадым. Ха ха ха! Кейін web-микрофон, анау мынау... түсінікті ғой... Сөйтіп Алла қолда Ақтаудың екі жігітімен таныстым.... ол сен, SarMakham және Жан... Олар менің диктофонға жазған трэктерімді естіп, мақтап, жалпы халық арасына шығар деп кеңес берді. Сосын басталды ғой... асығыс үсігіс трэк жазып интернетке шығара бастадық.

Неге ASH ҚаZаҚ Pro деп аталынды? Және қалай ол құрылды?

ASH ҚаZаҚ Pro ұйымы бірден музыкамен айналысқан жоқ... Біз студенттік фильм түсірдік, сөйтіп өзінше болып өзіміздің КИНОКОМПАНИЯМЫЗҒА атау іздей бастадық. Жаспыз ғой! Мен әзілдеп «е, АШ Қазақ» деп қояйық дедім. Осы кезде SarMakham «О! АШ- дегеннің расшифровкасын былай десе болады ғой: А-деген Ақтау, ал Ш- деген Шымкент» деді! Бәрімізге ұнап қалды бұл атау! Ерекше атау емес пе? Осылай біз Ақтау-Шымкент Қазақ Продакшн деп аталды. Айтпақшы киномызға келсек, біз Дидар кинофестивалінде «Ең үздік сценарий» және «Ең үздік музыкалық шешім» атты жүлделерді жеңіп алдық. Сосын Шәкен жұлдыздары, Шабыт және т.б. фестивальерде жүлделі орындар алдық.
Қазіргі уақытта  ASH ҚаZаҚ Pro ұйымына тек Ақтау мен Шымкенттің өкілдерінен бөлек Астана, Алматы және Атырау қалаларының өкілдері кіреді. Біздің ұйымда тек музыканттар емес, басқа да өнер майталмандары кіреді.

Сен Ресми Тұңғыш Қазақ Рэпінің альбомын шығардың. Неге альбомның атын «ҚаZаҚ Рэпінің Ханы» деп қойдың?

Мен басында альбомымды «Rap is Shit» деп атағым келген. Сол кезде өзімді «Қазақ рэпінің сарбазымын»  деп атаушы едім. Бірақ форумдарда кейбір сайқымазақтар «Қазақ рэпінің сарбазы» деген сөзді Жақаудан ұрлап алдың деп шулай бастады. Сөйтіп мен «Жарайды, сендердің Жақауларың сарбаз болып қала берсін, енді мен Хан болам» дедім. Ха ха ха!
Расына келсек бұл Қазақ тарихындағы Тұңғыш сапалы ресми альбом, сол себепті оны шығарушы автоматты түрде Хан болып есептелуі қажет емес пе? =)

Альбомыңнан не күттің? Альбомыңа өзіңнің көңілің толды ма? Жалпы альбомың жайлы айтып берші.

Әрбір өнер адамы әрқашанда өзінің туындысына көңілі толмайды. Бірақ шынымды айтсам менің альбомыма деген мұндай ажиотажды күтпедім. Ауызымды толтырып «альбомым өте сәтті болды!!!» деп айта алам. Альбомым Шымкент және Алматыдан артылмай қалды. Тіптен жетпей қалды. Альбомымның таусылып кеткенін естіп шок болдым. Жалпы альбом шыққан қаражатты ақтады. Ешқандай қаржылық пайда тапқМен жарыммын жоқ. Батыстық фанаттарымнан кешірім сұраймын! Жақында альбомымның екінші партиясы шығады. Тағы да Алматыда сатылып кетпей Батысқа жетеді деп үміттенемін...

Сені альбомнан түскен ақшаға студия ашты дейді, осы рас па?

Жоқ рас емес. Студияға жігіттермен қосылып екі жылда әрең жеттік...

Аранжировканы, жалпы музыканы кім жасайды?

Бұл біздің тілде айтқанда минусы лизингке аламыз. Кейбіреуін өзіміз, нақты айтқанда BeatMaker Zolton атты жігіт жасайды.

Ұялы телефоныңның нөмірі қандай?

Айтпаймын...=)

Mail.ru-дағы Мой Мир-іңді неге өшіріп тастадың? Жұлдыз ауруына шалдықтың ба? Соңғы кезде неге көрінбей кеттің?

Өшірген себебім, хэйтерлерден, ақымақтардан және фит жазғыштардан шаршадым.
Жұлдыз ауруына шалдығатындай дәрежеге жеткен жоқпын. Демалдым  ғой...

Батысқа деген көзқарасың қандай? Неге Жақаумен қатынастарың жаман? Жақаумен татуласуға мүмкіндік бар ма?

Осы сұраққа жауап беруден шаршадым. Қысқаша айтып кетейін, менің Батысқа деген көзқарасым оң...  «Батысты жек көреді, көре алмайды» деген сөздер ол біздің хуй’терлердің ойлап тапқаны. Жақаумен менде қатынас жоқ! =))) Арамыздағы «қырылыс» менің «Қазақша рэп» деген әнімнен шықты. Жақау мырзаның айтуы бойынша «Қазақша рэпті тек қана батыстықтар жасауға құқығы бар» деді. Ал мен жәй ғана оның ойы дұрыс емес екенін дәлелдегім келді... Дәлелдедім...

Сен «Қазақ рэпін тазартамын» дейсің, ал біреулер Қазақ рэпінің нағыз ластаушысы деп санайды. Сенің осыған көзқарасың...

Ауыздарын жапсын! Тек нағыз ластаушы ғана бұлай айтады.
Мен Қазақ рэпін тазартамын, қалай дейсің бе? Бірінші, мен бәсекелстікті көтердім.
Ал бәсекелстік болған жерде сапа болады. Екінші, Қазақ рэпіне қызығушылықты көтердім. Үшінші, біз Қазақ рэпін жаңа сапалы дәрежеге көтердік. Енді бәрі бізден озбақ боп, шеберліктерін шыңдауға тырысуда... бірақ  көзге ешкім көрінген жоқ... алайда кейбір үміт артар жігіттер бар...

Қазақ Рэпінде кімдерді лайықты деп санайсың? Жалпы ондайлар бар ма?

Әрине бар! Менің ерекше сыйлайтындарым: Тарлан, Кіші Жүз, Бико, Аль Наср, Биг Джо және өзіміздің жігіттер.

Батысқа концерттік бағдарламамен келетін ойың бар ма?

Мүмкін...

Екінші альбомыңды қашан шығарасың? Екінші альбомыңнан не күтуге болады?

Екінші альбоммен жұмыс жасап жатырмын... Бұл альбом лирикалық болып шықпақ...

Алдағы уақытта не жоспарлап жатырсың?

Алдағы уақытта жоспарлар көп. Жақында естіп, көріп, ұстап және тыңдап көресіңдер!!!

Біздің оқырмандарға айтар тілегің.

    Автор: SarMakham

Қазақ рэпін тыңдаңдар!!!

0

2

Мммммммммм..............

0

3

Еркин саганда солай сурак кояын ба

0

4

Базар жок!

Отредактировано Erkin (EAgle) (2009-07-17 18:39:19)

0

5

хабарласшы агентпен

0

6

:cool:

0

7

иама

0


Вы здесь » *-*-*Mr.Jan Banks_a.k.a_Zhandos*-*-* » ASH ҚaZaҚ Pro » Долгожданное Интервью с ШYNGYS'ом!